Әлібек Нұрсейітов: «Фернандер Кассай ісі бойынша Дауды шешу палатасы уақытылы әрі жан-жақты әрекет етті»

Әлібек Нұрсейітов: «Фернандер Кассай ісі бойынша Дауды шешу палатасы уақытылы әрі жан-жақты әрекет етті»

09 маусым 2020, 15:00
Қазақстан футбол федерациясының Дауды шешу палатасының төрағасы Әлібек Нұрсейітов африкалық футболшының мәлімдемесі бойынша пікір қалдырды.

Фернандер Кассай мен «Тобыл» футбол клубының арасындағы еңбек шарты бойынша сөз қозғалып отыр. Футболшы өз өтінішіне тиісті жауап қайтарылмағанын жеткізген еді.

Әлібек Нұрсейітов, Қазақстан футбол федерациясының Дауды шешу палатасының төрағасы:

«Фернандер Кассай 2020 жылдың 17 ақпанында Қазақстан футбол федерациясының Дауды шешу палатасына өтініш қалдырды. Алайда, біздің палатаның бір тараптың өтініші бойынша шешім қабылдауға құқы жоқ. Нақты баға беру үшін екінші тараптың да дәлелі керек.

Осы қағида бойынша Қазақстан футбол федерациясының Дауды шешу палатасы келесі күні, яғни, 18 ақпанда «Тобыл» (Қостанай) футбол клубына футболшының өтінішін жіберіп, түсіндірме беруін сұрады.

26 ақпан күні «Тобыл» футбол клубынан алынған жауап Фернандер Кассайға жіберілді. Футболшыдан сол жауапқа қатысты дәлелдерін жеткізу сұралды.

Дауды шешу палатасына футболшыдан жауап келмеді.

17 наурыз күні Қазақстан футбол федерациясының Дауды шешу палатасы Фернандер Кассайға хатты қайта жіберіп, «Тобыл» футбол клубына қатысты деректерді дәлелдеуін кезекті рет сұрады.

Тағы да футболшыдан ешқандай жауап болмады.

26 наурыз күні Фернандер Кассай Қазақстан футбол федерациясының Дауды шешу палатасына істі тоқтату жөнінде өтініш білдірді.

Қазақстан футбол федерациясының Дауды шешу палатасы аталған іске қатысты уақытылы әрі жан-жақты әрекет етті».

Бөлісу
Жоғары