Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері таныстырылды
Қазақстан әйелдер құрамасы құрлық біріншілігінің кезекті ойынына дайындықты бастады.
Оқу-жаттығу жиынында ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Иван Азвоский таныстырылды.
Азвоский Иван Геннадиевич
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері
Туған күні мен туған жері: 01.10.1964, Казахстан, Атырау
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: Қазақ дене шынықтыру институты, Алматы
УЕФА-ның PRO категориясы бар бапкер.
«Фулхэм» және «Тоттенхэм Хотспур» футбол клубтарының білім бағдарламаларын тәмамдаған.
Ойыншы карьерасы:
1980 - 1985 – «Қайрат», Алматы
1985 - 1992 – «Целинник», Целиноград
1993 - 1995 – «Металлург», Магнитогорск
1996 - 1997 – «Цесна», Ақмола
Клубтық деңгейдегі бапкерлік қызметтері:
1998 - 2003 – «Жеңіс», Астана, дайындық тобының жаттықтырушысы
2004 - 2005 – «Тараз», Тараз, дене даярлығы жаттықтырушысы
2006 – «Астана», Астана, бас бапкердің көмекшісі
2007 – «Астана», Астана, бас бапкер
2008 – «Шахтёр», Қарағанды, бас бапкер
2009 – «Жетісу», Талдықорған, бас бапкердің көмекшісі
2010 – «Астана», Астана, бас бапкер
2010 - 2012 – «Атырау», Атырау, дене даярлығы жаттықтырушысы
2013 - 2014 – «Астана», жастар құрамының аға жаттықтырушысының көмекшісі
2015 – «Жетісу», Талдықорған, бас бапкер
Құрама деңгейіндегі бапкерлік қызметі:
2003 – Қазақстан жастар құрамасы, аға жаттықтырушының көмекшісі
2006 - 2008 – Қазақстан ұлттық құрамасы, аға жаттықтырушының көмекшісі
2017 - 2018 – Қазақстан U17 жасөспірімдер құрамасы, аға жаттықтырушының көмекшісі
2020 – Қазақстан әйелдер құрамасы, бас бапкер
Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.