Қазақстан жастар құрамасының қосалқы құрамының қаралымы аяқталды

Қазақстан жастар құрамасының қосалқы құрамының қаралымы аяқталды

29 қаңтар 2021, 23:00
Алғашқы оқу-жаттығу жиынында селекция жұмыстарына басымдық берілді.

Жаттықтырушылар штабы жастар құрамасына үміткерлердің мүмкіндіктерін бағалады.

Жастар құрамасына үміткер ойыншылар теория мен тәжірибесін шыңдап, елордалық «Астанамен» екі жолдастық матч өткізді.

26.01.2021 Қазақстан U21 - «Астана» - 1: 4

Голдар: Жұмабек, 47 - Сотириу, 28; Жақыпбаев, 49; Кусяпов, 78; Прокопенко, 85.

29.01.2021 Қазақстан U21 - «Астана» - 2: 3

Голдар: Қараман, 11, 80 (пен.) - Савкив (а / г), 7; Эбонг, 20; Барсегян, 43 (пен.).

«Оқу-жаттығу жиыны нәтижелі болды. Команда көп жұмыс атқарды. Бұл кезеңде жақын резервтің ойыншыларын қарап шықтық. Оқу-жаттығу жиындары мен жолдастық кездесулердегі ойыншылардың жоғары рухы, тәртібі мен сана-сезімінің жоғары болғанын атап өткім келеді.

Екі сынақ кездесуін де «Астананың» негізгі құрамымен өткіздік. Екі ойында да жеңілгенімізге қарамастан, кәсіби шебер ойыншыларға лайықты қарсылық көрсете алдық. Оның үстіне біздің құраманың жастардан және қосалқы құрам ойыншыларынан жасақталғанын айта кеткен жөн. 

Бұл жиынға шақырылған ойыншылардың басым көбі Бірінші лиганың футбол клубтарында ойнайды. Бірқатар үміткерлерден жаңылмағанымызға қуаныштымын. Мұнда клуб жаттықтырушыларының да, футбол орталықтарының да, академиялардың да, жас ұрпақты оқытумен айналысатын басқа да мектептердің еңбегі бар.

Резервке жиналған үміткерлерді ескере отырып, келесі оқу-жаттығу жиынына негізгі құрамның ойыншылары шақырылады.

Алда Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қиын матчтар бар. Жеребе қорытындысы бойынша Шотландия, Түркия, Бельгия және Дания құрамалары қарсылас атанды. Бұл елдердің футболшыларын арнайы таныстыру қажет емес. Бірақ, қарсыластардан қаймықпаймыз деп нық айта аламын. Әр ойында қарсыласқа лайықты қарсылық көрсетеміз.

Біздің алдымызда тұрған міндет - іріктеу тобынан шығу үшін күресу. Оңайға түспейтіні анық. Алайда, жоғары дайындық пен ерік-жігер біздің командаға көмектеседі деп сенемін. Қазақстан футбол федерациясы оқу-жаттығу жиынында қолайлы жағдай жасады. Еліміздің ұлттық құрамалары бұрынғыдай қолдау тауып отыр», - деді Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары