Қазақстан әйелдер құрамасы Армениямен алғашқы матчын өткізді

Қазақстан әйелдер құрамасы Армениямен алғашқы матчын өткізді

12 маусым 2021, 23:02
Ереван қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстан әйелдер құрамасы алаң иелерімен бақ сынасты.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Калоян Петков негізгі құрамға бірқатар жас ойыншыларды шығарып, олардың мүмкіндіктерін тексеріп көрді. Негізгі құрамда ойынға араласқан футболшылардың 90 пайызға жуығы ұлттық құрама жейдесімен алғаш рет алаңға шықты.

Бірінші тайм Армения құрамасының пайдасына аяқталды. Гол соққан - Марал Артин. Екінші таймда алаң иелері есепті еселегеннен кейін барып, Калоян Петков тәжірибелі ойыншыларды алаңға шығара бастады. Қазақстан құрамасының капитаны Бегайым Қырғызбаева керемет соққысымен есеп айырмасын қысқартқанымен, біздің команда таразы басын теңестіре алмады. Қорытынды есеп – 2:1.

Армения құрамасымен екінші жолдастық ойын 15 маусым күні өтеді.

 

Армения – Қазақстан – 2:1 (1:0)

Голдар: Марал Артин 27, Армине Хачатрян 56 – Бегайым Қырғызбаева 73; 

Ескерту: Татьяна Сосновская 53;

Қазақстан құрамасы: Ангелина Портнова, Құндыз Қожахмет, Татьяна Сосновская, Алена Иванова, Жансая Козиева, Әсем Қаражанова (Фатима Сатығалиева 46), Сәуле Кәрібаева (Светлана Бортникова 60), Арайлым Муталиева (Карина Жұмабайқызы 60), Әсел Көбесова (Бегайым Қырғызбаева 60), Карина Берікова (Аида Гайстенова 46), Анастасия Низамутдинова (Камила Құлмағамбетова 60);

Төрешілер: Аракся Сарибекян, Кристине Григорян, Лиана Ягмурян, Софик Торосян (барлығы - Армения)

12.06.2021. Ереван, Вазген Саркисян атындағы стадион. 200 жанкүйер.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары