Жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды
Атырауда өтіп жатқан жарыста «Қайрат», «Атырау», «Каспий» және «Тұран» командалары бір топқа түсті. Екінші топта – «Астана», «Ақтөбе», «Шахтер» және «Қызыл-Жар».
Бұл жас ерекшелігі бойынша өзге командалар Қызылорда қаласында бақ сынап жатыр. Бірінші топтың ішінде «Ақсу», «Оңтүстік», «Ақжайық» және «Alash-РКС» командалары. Келесі топқа түскендердің арасында «Жетісу», «Тараз», «Қайсар» және «Тобыл» бар.
2009 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты да жалауын желбіретті. Бұл турнирде жарысты Ақтөбе және Шымкент қалалары қабылдап жатыр. Жасөспірімдер төрт командадан бес топқа бөлінген.
Елімізде басталған тағы бір жарыс – 2010 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты. Бұл ойындарды Алматы, Қостанай және Тараз қалаларында тамашалауға болады.