ҚФФ президенті мен Қазақстан құрамасының бас бапкерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

ҚФФ президенті мен Қазақстан құрамасының бас бапкерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

06 мамыр 2022, 19:00
6 мамыр күні Футбол үйінде ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов пен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев БАҚ өкілдерімен кездесті.

Әділет Барменқұлов Магомед Мұсаевичтің ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына тағайындалуына байланысты пікір қалдырды.

«Халықаралық күнтізбенің ерекшелігін жақсы білесіздер. Он бір күнде төрт матч өткізу қиын болады. Біз жеткілікті түрде күйзеліске, яғни стресстік жағдайға түсетініміз анық. Сондықтан, неге мұндай шешім қабылдағанымызды түсіндіргім келеді.

Әрине, бапкердің құзырына қарау біз үшін қызықты. Бірақ біз қазір модельді басқа форматта қарастырамыз. Жаттықтырушылықтан басқа, бізге басқарушылық құзырет өте маңызды. Мен бұл қиын жағдайдан абыроймен шығу керек екенін түсінемін.

Адиевтің алдындағы бірінші міндет - жағдай жасау, жаттықтырушылар штабында да, командада да байланыс орнату», – деді Әділет Назарбайұлы.

Федерация басшысы Андрей Карповичке атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, ҚФФ оның кәсіби дамуына жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

Өз кезегінде Магомед Адиев ұлттық команда қандай футбол ойнайтыны туралы ойымен бөлісті.

«Барлығына жарқын және шабуылдаушы футбол ұнайды. Қазір өзімді қандай да бір дәрежеде осыған жатқыза алмаймын. Әр түрлі командаларда мен басқаша жұмыс істедім. Дегенмен, мен өмірде де, футболда да теңдік болғанын қолдаймын.

Бізде доп болған кезде шабуыл жасауымыз және ол болмаған кезде қорғануымыз керек екені бәріне түсінікті. Бірақ шабуылға көтерілгенде де, егер тактикалық сәттерге тереңдей түссек, біз қорғаныс туралы ойлануымыз керек. Мен тепе-теңдікті жақтаймын», - деді Магомед Мусаевич.

Бөлісу
Жоғары