Қазақстан әйелдер құрамасы Эстониямен болатын ойынға дайындықты бастады

Қазақстан әйелдер құрамасы Эстониямен болатын ойынға дайындықты бастады

19 маусым 2022, 16:50
Жиын барысында команда үш жолдастық матчын өткізіп, Эстонияға жол тартады.

Матч 28 маусымда Пярну қаласындағы «Пярну Раннастаадион» стадионында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады.

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Айтбай Жамантаев оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Қақпашылар: Оксана Железняк («БИІК-Шымкент»), Ангелина Портнова («Адана Идман Юрду», Түркия), Назым Исмаилова («Хатайспор», Түркия);

Қорғаушылар: Александра Бурова, Мария Демидова, Әсел Орынбай (барлығы – «БИІК-Шымкент»), Әйгерім Айтымова, Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет (барлығы – «Томирис-Тұран»), Анастасия Власова, Жансая Козиева, Назерке Шалмұханбетова (барлығы – «Оқжетпес»);

Жартылай қорғаушылар: Фатима Сатығалиева, Әсем Қаражанова, Айдана Күзтай (барлығы – «Оқжетпес»), Карина Жұмабайқызы («Рязань-ВДВ», Ресей), Маргарита Талдыкина, Сарбиназ Тұрсынқұл (екеуі де – №17 БЖМОРСМ), Екатерина Бабшук, Қазына Норбаева («БИІК-Шымкент»), Әселхан Тұрлыбекова («Томирис-Тұран»);

Шабуылшылар: Арайлым Орынбасарова («Оқжетпес»), Светлана Бортникова («БИІК-Шымкент»), Нұрсұлу Балжан, Алина Лозукова (екеуі де – №17 БЖМОРСМ).

Жаттықтырушылар штабы: Айтбай Жамантаев – бас бапкер, Бегайым Қырғызбаева – бас бапкердің көмекшісі, Рамиль Хамитов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Владимир Ляпкин – дене даярлығы жаттықтырушысы.

Бөлісу
Жоғары