Қазақстан әйелдер құрамасының Эстониядағы болған ойыналды жаттығуынан фоторепортаж
Қазақстан әйелдер құрамасы Эстонияға Алматы – Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл – Таллин бағытымен жетті. Біздің қыздар алғашқы жаттығуын «Пярну Раннастаадион» стадионында өткізді. Эстония – Қазақстан матчы 28 маусымда Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де өтеді.
Ойында Италия төрешілері қызмет атқарады – Сильвия Гасперотти, Тизиана Траскьятти және Нида Хадер.
Ойынға қатысатын футболшылардың нақты тізімі:
Қақпашылар: Оксана Железняк («БИІК-Шымкент»), Ангелина Портнова («Адана Идман Юрду», Түркия), Назым Исмаилова («Хатайспор», Түркия);
Қорғаушылар: Александра Бурова, Мария Демидова (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Әйгерім Айтымова, Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет (барлығы – «Томирис-Тұран»), Анастасия Власова, Жансая Қазиева, Назерке Шалмұханбетова (барлығы – «Оқжетпес»);
Жартылай қорғаушылар: Фатима Сатығалиева, Әсем Қаражанова (екеуі де – «Оқжетпес»), Маргарита Талдыкина (№17 БЖМОРСМ), Екатерина Бабшук, Қазына Норбаева («БИІК-Шымкент»), Әселхан Тұрлыбекова («Томирис-Тұран»);
Шабуылшылар: Арайлым Орынбасарова («Оқжетпес»), Светлана Бортникова («БИІК-Шымкент»), Нұрсұлу Балжан (№17 БЖМОРСМ).