Қазақстандық төрешілер «Бавария» – «Виктория Пльзень» ойынында қызмет атқарады

Қазақстандық төрешілер «Бавария» – «Виктория Пльзень» ойынында қызмет атқарады

04 қазан 2022, 10:09
Елордалық Саят Қарабаев бастаған қазақстандық төрешілер тобы УЕФА Жасөспірімдер лигасындағы «Бавария» (Мюнхен, Германия») және «Виктория» (Пльзень, Чехия) матчына төрелік етеді.

Ойын 4 қазан күні Мюнхенде өтеді. Матч Астана уақытымен 17:00-де басталады.

Саят Қарабаевқа қос қапталдан отандастары Евгений Бельский (Тараз) мен Самат Тергеусізов (Алматы) көмектеседі.

Бөлісу
Жоғары