ҚФФ қызметкері «Пюник» футбол клубының еурокубоктағы ойындарын ұйымдастыру тобын басқарады

ҚФФ қызметкері «Пюник» футбол клубының еурокубоктағы ойындарын ұйымдастыру тобын басқарады

06 қазан 2022, 11:09
Қазақстан ұлттық құрамасының матч-менеджері Уәлихан Байтақов 2022/23 жылғы Конференция лигасының топтық кезеңінде «Пюник» (Армения) футбол клубының үйдегі ойындарына Venue Director UEFA лауазымына тағайындалды.

Байтақов алғаш рет 2022 жылдың сәуірінде УЕФА-дан шақырту алып, Конференция лигасының «ПСВ» (Нидерланд) – «Лестер» (Англия) матчында қызмет атқарған еді. Биыл тамыз айында қазақстандық маман УЕФА-ның ұйымдастыру командасының қатарына қосылды.

Venue Director UEFA – матчты ұйымдастыру және оның спорттық бөлігіне жауапты адам. Еурокубоктың топтық және плей-офф кезеңіне қатыстатын клубтардың ойындарында қызмет атқаратын маманды УЕФА тағайындайды.

«Пюник» футбол клубы УЕФА Конференция лигасының Н тобында «Базель» (Швейцария), «Жальгирис» (Литва) және «Слован Братислава» (Словакия) командаларымен ойнайды. Армяндық клубтың үйдегі ойындары қазақстандық маманның ұйымдастыруымен өтеді.

Бөлісу
Жоғары