Қазақстандық төрешілер VAR бойынша онлайн семинарға қатысуда
Семинар 5 ақпанға дейін жалғасады, оған Премьер-Лиганың 25 бас төрешісі мен 28 көмекшісі, сондай-ақ Бірінші лиганың 8 бас төрешісі мен 25 көмекшісі қатысуда. Семинардың жүргізушісі – ФИФА нұсқаушысы Фархад Абдуллаев.
Оқу бағдарламасы Қатарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатын негізге ала отырып, төрешіліктегі барлық заманауи трендтерді қамтиды. Сондай-ақ «Пенальти шешімдері», «Тактикалық тәртіпсіздіктер және допқа талас», «Оффсайд», «Доппен жұмыс істеу» және «VAR-дың араласу шекарасы» сияқты қызу тақырыптар талқыланады.
Семинардың техникалық бөлімі үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – кең ауқымды теориялық курс, оған төрешілікті талдау, түсіндіру бойынша бейнематериалдарды қарау, ойын ережесін қолдану, ойын жағдайларын бақылау, әдіс-тәсілдер мен ойынды басқару кіреді. Екінші кезең бейне сынақтарға және қателермен жұмыс жасауға арналады. Үшінші кезең практикалық бөлімнен тұрады, онда негізгі нұсқаулар мен ұсыныстар әзірленеді.