Александр Кузнецов: «Біз тобымыздан лайықты түрде шықтық»
– Турнир жоғары деңгейде өтіп жатыр. Топтық кезеңде шиеленіс соңғы турға дейін сақталды. Біздің топтағы қарсыластардың деңгейі бірдей. Бапкерлер мен медицина штабына алғысымды айтқым келеді. Бұл турнирде матчтар бір күн сайын болып жатыр. Аз уақыттың ішінде футболшыларды қалпына келтіру жұмыстарын істеп, ойындарға талдау жасап үлгеру керек. Жігіттерге де рақмет айтамын. Біздің жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын! Біз үшін топтық кезең қиын әрі қызық өтті. Осындай ойындарда футболшылардың мінездері мен шеберліктері өседі.
– Кейбір сәттерде ойыншыларыңызға көңіліңіз толмаған сияқты. Эльхан қапталда отырып қалған сияқты, Аянды да қайта ауыстырдыңыз. Бұл үшінші матчта шаршағандығынан ба, әлде басқа нәрсе ме?
– Бұл жерде жауапкершілікті өзіме аламын. Эльхан өз позициясында ойнамады, сәлден соң оны өз позициясына қайтардық. Екінші таймда жақсы ойнады. Аян да өз позициясында ойнаған жоқ. Өйткені ол тіректі жартылай қорғаушы. Бұл матчта сәл алда ойнаттық. Сол себепті оған қиындау болды. Бұл біздің стратегиялық жоспарымыз еді. Беларус ойыншыларының антропометриясы өте жоғары. Олармен допқа таласу керек болды. Шабуылда бірден ойнай алмады. Аянның деңгейі жақсы, біз оған сенеміз. Мен жігіттерге әрдайым айтамын: «сендерді бір минут, екі минут, он минут, бір тайм ойнатсам да, бапкердің шешіміне көңілдерің толуы керек, өйткені біз жеке атымыздан емес, еліміздің атынан ойнап жатырмыз». Біз тобымыздан лайықты түрде шықтық.
Алдағы финалға дайындаламыз. Ең бастысы қалпымызға келуіміз керек. Өте қиын матч болды. Финалдың алдында Ресейге уақыт және қарсылық жағынан сәл басымдыққа ие болып отыр. Біз үшін бүгінгі матч қиынырақ болды. Қолдауға келген жанкүйерлеріге, елшілік өкілдеріне, сондай-ақ телеэкранның алдынан көрген жанашырламызыға, бізбен әрдайым байланыста болатын басшылыққа команданың атынан алғысымды айтқым келеді. Біз бұл қолдауды сезіп жатырмыз! Барлығын жеңіспен құттықтаймын, алайда әлі босаңсуға болмайды.