Магомед Адиев: «Біздің жанкүйерлер бұл жеңіске лайық»

Магомед Адиев: «Біздің жанкүйерлер бұл жеңіске лайық»

26 наурыз 2023, 22:50
Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Даниямен өткен жеңіс ойынына (3:2) қатысыты пікірін білдірді.

- Өз алаңымызда біз қаламаған жеңілістен кейін жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Жанкүйерлерімізге жақсы нәтиже қарыз болдық және қарсыласымыз осал емес екенін білсек те, соны қайтарғымыз келді. Өз алаңымызда болған жеңіліс бізді тығырыққа тіреді, шегінетін жер жоқ еді. Бірінші тайм нәтиже бермеді. Жалпы алғанда, сол екі голды өзіміз әкелдік. Екінші таймда біз доп алмасуды жеңілдетіп, таразыны өз бағытымызға бұрдық.

- Бірінші таймда біршама өзгерістер болды. Габышевті Скворцовпен алмастырды, содан кейін Малыйды ауыстырды. Бұл қателіктерді мойындау ма?

- Жоқ, мен жігіттер туралы теріс пікір айтпаймын. Олар керемет ойыншылар және бұл менің таңдауым болды. Футболшылар жарақатпен жүріп, тәуекелге барды.

- Пенальтиден кейін біртіндеп оң әсерін тигізген ауыстырулар басталды. Ян Вороговский өзін сенімді сезіне бастады...

- Янның қапталында өте байсалды қарсылас болды. Бұл ойында кездесетін қалыпты жағдай.

- Бірінші таймда біз даниялықтардың стиліне бейімделе алмадық. Олар біздің шебімізді қысқа пастармен бұзды. Екінші таймда сіз бұған назар аудармадыңыз.

- Бірінші таймда жігіттер біз келіскендей ойын көрсетпеді. Мен ойын алдында оларға жай ғана шығып, ойнасын дедім, ал қалған жауапкершілікті өзіме аламын деп түсіндірдім. Олар ұзағырақ ойнауы керек еді, бізге бұрылыстар қажет болды.

- Сіз Қазақстанда демалыс күндерін ұзарттыңыз. Жанкүйерлерге бір-екі сөз айтсаңыз...

– Мен қашан да болмасын жанкүйерлердің қолдауы керемет екенін айтудан шаршамаймын. Мұнда әр қарсылас оңай емес. Мен Словениямен болған ойынға қатысты белгілі бір сынды қабылдадым. Бұл да сезім. Ал бүгін жанкүйерлер бұл жеңіске лайық болды.

Бөлісу
Жоғары