Алматыда UEFA Share семинары өтті

Алматыда UEFA Share семинары өтті

31 мамыр 2023, 19:22
22-24 мамыр аралығында Тимур Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК академиясының базасында футболды дамыту бойынша арнайы қажеттіліктері бар жандарға арналған UEFA Share семинары өтті.

Семинардың мақсаты – білім мен тәжірибемен бөлісе отырып, футболды дамыту. Семинар қатысушылары футболға қатысты ерекше сұранысы бар адамдарға қатысты білімдерін арттыруға мүмкіндік алды.

Семинарға Албания, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Босния және Герцеговина, Кипр, Чехия, Эстония, Грекия, Венгрия, Израиль, Латвия, Литва, Польша, Румыния, Сербия, Словения және Қазақстан елдерінің делегациялары қатысты. Хелен Крофт, Лес Хоуи, Владимир Луптак және Джефф Дэвис атты УЕФА мамандары лектор қызметін атқарды.

Семинар барысында қатысушылар инклюзивті футбол жөнінде білім алды, сонымен қатар ерекше сұранысы бар адамдарға ойын дағдыларын, жарыстарды ұйымдастыру және мықты инфрақұрылымды құру жөнінде білім алды. Disability football аумағындағы мамандар мен эксперттер қатысушыларға құнды инсайттар мен өзге ел өкілдеріне практикамен бөлісті.

UEFA Share бағдарламасы 2019 жылы басталды және футбол саласындағы мамандардың футболды қарқынды дамыту бойынша білім алмасуына арналған. Алматыдағы Disability football-ды дамытуға арналған UEFA Share семинары ерекше сұранысы бар адамдарға қолдау көрсетудің маңыздылығын көрсетті. Бұл семинар 2034-Стратегиясына сәйкес, жаппай футболды дамытудың басты кезеңдерінің біріне жатады.

Бөлісу
Жоғары