Рикардо Кака: «Біздің топ біркелкі және жақсы деп айта аламын»

Рикардо Кака: «Біздің топ біркелкі және жақсы деп айта аламын»

17 шілде 2023, 09:57
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің элиталық раундының жеребе тарту қорытындысына қатысты пікір білдірді.

Еске салайық, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін Қазақстан құрамасы Нидерланд, Румыния және Әзірбайжан құрамаларымен күш сынасады.

«Жеребе тарту рәсімін таза жүрекпен қабылдау керек. Әлдебір команданың біздің топқа түскенін қалаудың қажеті жоқ деп үнемі ойыншыларға айтамын. Жеребе қалай тартылады, қарсыластар сол арқылы анықталады. 

Жеребе нәтижесі бойынша бұрыннан таныс қарсыластар кездесіп отыр. Әзербайжан құрамасымен жиі ойнаймыз. Біз үшін де, олар үшін де қашықтық қысқарақ болмақ. Іріктеу ойындарында қарсыласқа жету үшін жол сапары үнемі ұзақ болатын. Енді екі команда үшін қолайлы болғалы тұр. Әзербайжан құрамасы – бразилиялық ойыншылармен жақсы жасақталған және білікті бапкері бар таныс команда.

Румыния құрамасы да бізге бойды еркін ұстауға мүмкіндік бермейді. Соңғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі тәжірибесін жақсы білеміз. Негізгі іріктеу кезеңінде Румынияны өз алаңында ұтып, Чехияда өткен элиталық ойында жеңілген едік. Біз барлық қарсыластарды қатты құрметтейміз. 

Нидерланд – әр уақытта өсіп, өзгеретін команда. Ұжымды Испаниядан келген өте сауатты бапкер Мигель Андреас қабылдады. Ол «Удинезе» және «Барселонада» жұмыс істеген.

Топ өте біркелкі және жақсы деп айта аламын. Біз дайындаламыз, алдымызда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығу міндеті тұр», - деді Кака.

Бөлісу
Жоғары