«Янг Бойз» - «Манчестер Сити» кездесуінде қазақстандық төрешілер жұмыс істейді
24 қазан 2023, 20:37

Матч 25 қазан күні Астана уақытымен 18:30-ға жоспарланған. Ойын Швейцарияның Тун қаласындағы Стокхом аренасында өтеді.
Кездесудің бас төрешісі болып Данияр Сахи тағайындалды. Оған Сергей Калачев пен Юрий Тихонюк көмектеседі. Төртінші төреші қызметін швейцариялық Аноен Канагасингам атқарады.