Словения – Қазақстан матчында қазақстандық жанкүйерлерге арналған ақпарат
25 қазан 2023, 15:24

Ойын «Стожице» стадионында өтеді (Vojkova cesta 100, 1000 Ljubljana). Қазақстандық жанкүйерлерге арнайы сектор бөлінгенін айта кетейік.
Билетті жабық сілтеме арқылы сатып алуға болады. Сілтемеге өту үшін marketing.manager@kff.kz поштасына байланысқа шығуыңызды сұраймыз. Билеттің бағасы: 27 000 теңге (шамамен 54 евро).
Назар аударыңыз! Билеттер саны шектеулі. Сілтеме тек 30 қазанға дейін ғана қолжетімді болады.
Жанкүйерлер стадионға ойынның басталуына 2 сағат бұрын кіре алады (жергілікті уақытпен 18:45-тен бастап).
Ұлттық құрамаға бірге жанкүйер болайық! Сіздердің қолдауларыңыз ауадай қажет!