Олимпиада чемпионы Қазақстан футболының музейіне құнды жәдігерлерді сыйға тартты

Олимпиада чемпионы Қазақстан футболының музейіне құнды жәдігерлерді сыйға тартты

16 қаңтар 2024, 11:00
1988 жылғы Олимпиада чемпионы Евгений Яровенко Қазақстан футболының музейіне естелік жәдігерлерді сыйға тартты.

КСРО құрамасының 1988 жылғы ойын жейдесі, Олимпиада ойындары қатысушысының медалі және Оңтүстік Кореяда өткен ойындардан естелік фотосуреттер Қазақстан футболының мұражайының қорын толықтырды.

Эксклюзивті экспонаттарды сыйға тарту барысында Евгений Викторұлы ойыншы мансабындағы заттардың маңызына тоқталды:

«Бұл жейдеге 37 жыл болды. Оны біздің жас ұрпақ тарихты білуі үшін музейге тапсыруды жөн көрдім. Онымен қоса, 1988 жылы 1 қазанда Сеулде өткен бразилиялықтармен финалдың суреттері де табысталды. Музей жыл сайын жаңа жәдігерлермен толығып тұруы керек. Бұл футбол тарихы.

Сол жылдардың  – «Қайрат» және ұлттық құраманың көптеген тамаша жұлдызында музейге тапсыратын жәдігері бар деп ойлаймын», – деп бөлісті Олимпиада чемпионы.

Қазақстан футболының музейі 2023 жылы Қазақстан футболының 110 жылдығына орай, сондай-ақ бай тарихты сақтау және отандық футболды насихаттау мақсатында ашылған болатын.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары