Мария Ялова: U17 - жас ойыншылар үшін халықаралық деңгейдегі алғашқы қадам
– Алдымен біздің құрамаға қолдау көрсеткен жанкүйерлерімізге алғысымды айтамын! Қыздар үшін бұл өте маңызды. U17 - жас ойыншылар үшін халықаралық деңгейдегі алғашқы қадам. Тәжірибеміз жетпейтіні көрініп тұрды. Бірақ бұл уақытша. Футбол дамып келеді, біз де жабық футболдан шабуылға ден беріп келеміз. Қыздарымыз ешкімнен кем емес. Доппен ойнау бағытында әлі жұмыс жасау қажет. Қыздардың болашағы әлі алда.
– Матч басталарда қақпашыны ауыстырдыңыз. Бұл мәжбүрлі шешім болды ма?
– Өкінішке қарай, негізгі құрамда шығуы керек болған қақпашымыз жаттығу кезінде өзін жайсыз сезініп, орнына басқасы шықты. Бірінші кезекте - қыздарымыздың денсаулығы. Олар мансабын енді ғана бастап жатыр. Қазір бәрі жақсы. Дәрігерлердің бақылауында.
– Алда екі ойын бар. Командаға қандай мақсат қойылды?
– Негізгі мақсат - жеңіс үшін шығып, өзіміздің үздік ойынымызды көрсету. Ел үшін, команда үшін барыңды беру. Қобалжымай, сенімді ойнап, матчқа қойылған тапсырманы орындау.