Төрешілік сараптамалық комиссиясының отырысы өтті

Төрешілік сараптамалық комиссиясының отырысы өтті

02 сәуір 2024, 16:46
2024 жылдың 2 сәуірі күні бейнеконференция арқылы төрешілік сараптамалық комиссиясының отырысы өтті.

Сарапшылар тобы футболдан OLIMPBET QFL Премьер-лигасы 3 турының даулы эпизодтарын, оның ішінде «Астана» мен «Елімай» футбол клубтары арасындағы матчтың 74-минутында болған ойын эпизодын қарады.

Қолда бар бейнематериалдарға сүйіне отырып, ТСК бірауыздан төмендегі шешімдерді қабылдады:

– «Астана» – «Елімай» матчының төрешісі Артем Кучиннің «Елімай» командасының №88 ойыншысына қарсылас команданың ойыншысына гол соғe мүмкіндігінен айырғаны үшін қызыл қағаз көрсетпеу туралы шешімі қате деп танылсын;

– «Астана» – «Елімай» матчының VAR төрешісі Сергей Ноженконың осы маңызды эпизодта бейнекөрсетілімге шақырмай, назардан тыс қалдыру арқылы араласпау туралы шешімі қате деп танылсын.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары