ЦП футболдан Қазақстан құрамасы Сочиде өткен халықаралық жарысқа қатысты

ЦП футболдан Қазақстан құрамасы Сочиде өткен халықаралық жарысқа қатысты

28 сәуір 2024, 15:14
ЦП футболдан Қазақстан құрамасы Сочиде (Ресей) өткен «Стальная воля» турниріне қатысты. Бұл қазақстандық спортшылар үшін алғашқы халықаралық тәжірибе болды.

Біздің қарсыластарымыз Беларусь пен Ресей құрамалары, сондай-ақ Нижний Новгород және Санкт-Петербург командалары болды. Ойын нәтижелеріне қарамастан, қазақстандық футболшылар тартысты ойын көрсетіп, жігер танытты.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Стальная воля» футбол мерекесі керемет әсер қалдырды. Жарысты ұйымдастырушы және Қазақстан құрамасын шақырған Алексей Смертинге үлкен алғыс айтамыз. Ойын тәжірибесінің жоқтығына қарамастан, біздің футболшылар жанын салып ойнады, фестивальде бес матч өткізіп, баға жетпес тәжірибе жинады. Мереке жоғары деңгейде өтіп, онда 700-ден астам ойыншы достық қарым-қатынас орната отырып, футболдың әр түрінен бақ сынасты», – деді команданың бас бапкері Шыңғыс Темірханов.

ЦП футбол – церебральды сал ауруы немесе жүре пайда болған ми жарақаты бар адамдарға арналған командалық спорт түрі. Футболдың бұл түрі бұқаралық және бәсекелестікте клубтық, ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде ойналады.

«Стальная воля» фестивалі УЕФА-ның 2024-2030 жылдарға арналған «Күш бірлікте» Стратегиясы аясында өтті. Іс-шараның өзіндік ерекшелігі бар, футбол қатысушылар үшін әлеуметтік және физикалық сауықтыру құралы және заманауи қоғамға интеграция болды.

Бөлісу
Жоғары