Walking Football-дан «Астана аңыздары» турнирі өтті

Walking Football-дан «Астана аңыздары» турнирі өтті

09 мамыр 2024, 18:04
9 мамыр күні Астанада Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен Walking Football – Астана аңыздары турнирі өтті.

Walking Football – 50 жастан асқан асқандарға арналған ерекше футбол түрі. Ереже бойынша футболшылар жаяу жүріп ойнайды: жүгіруге және қарсыласын шалып құлатуға тыйым салынған.

ҚФФ Футбол үйінде өткен жарысқа 12 команда қатысты. Алтын жүлдені «Имран» командасы жеңіп алды. Екінші орынды «Батыр» командасы иеленсе, үздік үштікті МКҚБ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету ұжымы түйіндеді.

Жарыс жүлдегерлері:

1 орын – «Имран»

2 орын – «Батыр»

3 орын – МКҚБ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету ұжымы

Қазақстан футбол федерациясы Тұрақты даму департаментінің басшысы Шыңғыс Темірханов Walking Football-дың ерекшелігі мен маңызына тоқталып өтті.

«Қазақстан футбол федерациясы тұрақты даму стратегиясын іске асырып келеді. Біз футболдың танымалдылығын еліміздегі барлық жас өкілдерінің арасында белсенді және салауатты өмір салтын насихаттауға пайдаланып жатырмыз. Walking Football-дың ерекшелігі - оны әр түрлі физиологиялық адамдар ойнай алады. Жүрекке, буынға аса ауыр салмақ түспейді. 

УЕФА Walking Football-ды дамытуды қолға алды. Ересек адамдар арасында өзінің Чемпиондар лигасы турнирі ұйымдастырылады. Ал біз турнирімізді Алматыда жалғастырамыз», – деді ҚФФ Тұрақты даму департаментінің басшысы Шыңғыс Темірханов. 

Турнирге қатысушы командалар арасында Индонезияның Қазақстандағы елшілігі ұжымы да болды. Индонезияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мохамад Фаджрул Рахман жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеп, футбол арқылы елдер достастығын одан ары дамытудың маңызы жоғары екенін айтты.

«Турнирге шақырғаны үшін ҚФФ-ға алғысымды білдіремін. Жарысқа келу себебіміз, Индонезия мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасты футбол арқылы одан ары нығайту. Индонезия елшілігіне жарысқа қатысу туралы ұсыныс жасағаныңызға рахмет. Алдағы уақытта міндетті түрде жарыстарға келіп, қатысып отырамыз», – деді Индонезияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мохамад Фаджрул Рахман.

Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар марапатталды:

Үздік қақпашы - Наджа Бакишев («Батыр»)

Үздік қорғаушы - Муслим Смағұлов (МКҚБ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету ұжымы)

Үздік шабуылшы - Владимир Глевич («Батыр»)

Үздік ойыншы - Еркін Сұлтанов («Имран»)

Үздік сұрмерген - Денис Мазной («Батыр»)

Жарысқа қатысушы командалар тізімі:

1. «Ардагерлер ауруханасы»

2. «Әкелер кеңесі»

3. «Әлім»

4. «Имран»

5. ІІМ

6. МКҚБ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету

7. «Оразақ»

8. Индонезия елшілігі

9. «Батыр»

10. «Астана жауынгерлері»

11. KMGPROF ҚазМұнайГаз кәсіподағы

12. Полиция департаменті

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары