Қарағандыда еліміздегі бұқаралық футболдың дамуы талқыланды
Іс-шараға ҚФФ Атқарушы комитетінің мүшесі Қайрат Айтуғанов, ҚФФ Бас хатшысы Андрей Дудин, Қарағанды облысы футбол Қауымдастығының президенті Николай Бублинский мен «JKFL» президенті Александр Разинков қатысты.
Жиналыста Андрей Дудин ұсынған ҚФФ бұқаралық футболды дамыту тұжырымдамасынан бастап, бұл процестегі жекеменшік футбол мектептерінің рөліне қатысты футбол индустриясының түрлі дамыту бағыттары талқыланды.
Сондай-ақ жекеменшік футбол мектептерінің аймақтық федерациясылармен қарым-қатынасы, футбол мектептеріне ИТ-технологияны енгізу және маркетингтік стратегия сөз болды.
ҚФФ Бұқаралық футбол департаментінің директоры Никита Мозоговой сәтті шыққан «Балалар үйі тәрбиеленушілері арасындағы футбол фестивалі» жобасын өткізудегі тәжірибесін бөлісті. Айта кетелік, ҚФФ ұйымдастырған бұл жоба УЕФА-ның «Grassroots Awards» марапатын жеңіп алған еді. УЕФА-да тағайындаған 10 мың еуро мөлшеріндегі сыйақы қаражат балалар үйлеріне қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға және жоба қатысушыларының бапкерлік курсқа қатысуына жұмсалады.
Аталмыш жоба еліміздің 10 өңірінде өтіп, аймақтық федерациялар, еріктілер мен бизнесмендердің бұқаралық футболға деген қолдауының жарқын үлгісі болды. Фестивальге 32 балалар үйінен 1200-ден астам бала, 30 ерікті қатысты.
ҚФФ Бас хатшысы Андрей Дудин өмір сүру деңгейін көтерудегі және оң әлеуметтік орта құрудағы бұқаралық футболдың маңызын атап өтті.
«Бұқаралық футболдың кәсібиден айырмашылығы – тең мүмкіндіктер спорты. Playmakers жобасы аясында мектеп жасына дейінгі қыздарды футболға баулуға ыңғайлы ойын форматының икемділігіне атап өткім келеді. Бұл футбол мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған: көру қабілетсіздігінен зардап шеккен ойыншылар арналған Blind, ЦП футбол, Walking футбол. Walking футбол – тек егде жастағы адамдарға емес, жүгіруге, ауыр жаттығуларға уақытша физикалық шектеулері бар кез келген адамға арналған футбол», – деді Дудин.
Өз кезегінде JKFL президенті Александр Разинковфутбол мектептері арасындағы бәсекелестікті көтеру, ойыншыларды кәсіби дайындықтан өткізу, дарынды ойыншыларға қолдау көрсету, командалық рухты қалыптастыру және футбол инфрақұрылымын дамыту секілді лиганың мақсатын айқындады. Бұған қоса, жеке лигалардың болашақ футбол жұлдыздарының дамуына қолайлы жағдай жасаудағы рөлінің маңызын айтты.
Дөңгелек үстелдің соңында жеке лигаларды дамытып, қолдау көрсетуге шақырды. Барлық қатысушы осы бағытта бірге жұмыс істеуге дайын екенін айтты.