Алматыда Қазақстан футболы күніне орай қыздарға арналған футбол фестивалі өтті

Алматыда Қазақстан футболы күніне орай қыздарға арналған футбол фестивалі өтті

03 мамыр 2024, 13:14
Қазақстан футбол федерациясы Алматы футбол федерациясымен бірлесіп, қыздарға арналған «Менің ойыным» фестивалін ұйымдастырды.

Іс-шара Қазақстан футболы күніне орай Орталық стадионның қосалқы алаңында өтті. 2024 жылы футбол қауымдастығы Қазақстанның УЕФА-ға мүше болғанына 22 жыл өткенін тойлауда.

Өз бастауын 2022 жылы алған жоба «HatTrick» бағдарламасы бойынша УЕФА-ның қолдауымен өтіп жатыр. Мұндай іс-шараның басты мақсаты Қазақстандағы қыздар футболын танымал етіп, бүлдіршін қыздарды футбол орталықтары мен академияларына тарту. 

Алматыдағы фестивальдің ресми ашылу салтанатында Алматы футбол федерациясы Афет Мехтиева, АФФ вице-президенті Игорь Утробин, сондай-ақ ҚФФ әйелдер футбол департаментінің директоры Наргис Мағау сөз сөйледі.

Фестивальде командалар 6х6 ойыншы форматында айналма жүйесінде ойнады. Жарысқа бес қыздар командасы: «Жас Қыран» БЖФО, «М10», «Рузаевка Girls», «FSTurksib», FC «LOKOMOTIV» қатысты.

Жолдастық турнир болғанына қарамастан, қатысушы командалар жоғары ойын деңгейін көрсетіп, турнирге келген көрермендер жақсы көңіл-күй сыйлады. 

Фестиваль аяқталысымен қатысушыларға сертификат пен ҚФФ атынан естелік сыйлықтар табысталды. Бүлдіршіндер өздері тұратын аймақта футбол орталықтарына қатысуға мүмкіндік алды. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары