Реймонд Аттевельд – ҚФФ даму департаментінің жаңа директоры
Реймонд Аттевельд 1966 жылы 8 қыркүйекте Амстердамда өмірге келген. Футболшы мансабында нидерландылық «Харлем», «Рода», «Витесс», «Эвертон», ағылшынның «Бристоль» командаларында ойнаған.
Нидерландылық маман жаттықтырушы болып та қызмет істеген. Ол «Шахтер» (Украина), «Маккаби Нетания», «Маккаби Тель-Авив» (Израиль), АЕЛ Лимасол (Грекия) командаларында жұмыс істеді. 2013-2016 жылдары «Қайрат» футбол клубының академиясында қызметте болған.
Аттевельд ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында жаңа қызметіндегі жоспары туралы айтып берді.
«Менің мақсатым – Қазақстандағы элиталы балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына үлесімді қосу. Даму департаментінің директоры ретінде елдегі футбол инфрақұрылымы мен ойын деңгейінің жақсаруын үнемі қадағалауым қажет. Әйелдер командасына да, ерлер командасына да бапкерлерді дайындауды, ойыншылардың жеке шеберлігін дамытуды қолға аламыз. Бұл бастама болашақта ұлттық құраманың ойынына оң әсер ететініне сенімдімін.
Біз Қазақстандағы дарынды балаларды іздеу жүйесін жақсартамыз. Ойыншының әлеуетіне назар аударып, оның мықты және әлсіз тұсын ескере отырып, жеке даму жоспарын дайындап шығу. Бұл назардан тыс қалуы мүмкін дарынды ойыншыларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді», – деді Аттевельд.