ҚФФ Бангкокта өткен ФИФА Конгресіне қатысты
Күн тәртібінде 2023 жыл қорытындылау, қаржылық есеп және 2025 жылға бюджетті бекіту мәселелері қаралды.
Сондай-ақ ФИФА президенті Джанни Инфантино ФИФА-ға мүше барлық 211 қауымдастық үшін 15 жасқа толмаған балалар арасында ашық футбол фестивалін өткізуді және 20 жасқа дейінгі және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер турнирлерін кеңейтуді ұсынды.
Сонымен қатар, 2027 жылғы әйелдер арасындағы Әлем чемпионатын қабылдайтын елді анықтады. Дауыс берудің қорытындысы бойынша, ӘЧ-2027 өткізу құқығын Бразилия жеңіп алды.
Отырыс соңында ФИФА басшысы нәсілшілдікке қарсы күрестің маңызын атап өтіп, футбол кемсітуге жол жоқ екенін айтты. Инфантино футбол барлық нәсіл мен ұлтты біріктіретін спорт түрі болып қалуын және тек бірге футболдағы нәсілшілдікті жоя алатынымызды атап өтті.
ФИФА-ның келесі Конгресі 2024 жылдың 11 желтоқсанында онлайн режимде өтеді деп жоспарланған. Конгрестің келесі отырысында футболдан 2034 жылғы Әлем чемпионатының өтетін орны анықталады.