ҚФФ Әдеп комитетінің отырысы өтті

ҚФФ Әдеп комитетінің отырысы өтті

17 мамыр 2024, 20:00
2024 жылдың 17 мамырында Қазақстан футбол федерациясының әдеп жөніндегі Комитетінің отырысы өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:

1. «Астана» ФК Спорт директоры И. Павлюктің 04.05.2024 ж. Ақтөбе қаласында өткен «Ақтөбе» ФК мен «Астана» ФК арасындағы матчтағы төрелік туралы пікіріне қатысты мәселені қарау.

Шешім: 

1.    «Астана» футбол клубына, БИН 081240017890, 1000 АЕК көлемінде (3 692 000 теңгені құрайды) айыппұл салу.  Айыппұлды 2024 жылдың 17 маусымына дейін төлеу қажет. Егер осы тармақ орындалмаған жағдайда ҚФФ тәртіптік регламентінің 61-бабының 1-тармағына сәйкес Клубтың ұпайы шегеріліп немесе Клуб төменгі дивизионға (лигаға) ауыстырылуы мүмкін.

Кодекстің 87-тармағы, ТР 113-тармағына сәйкес шешімшге ҚФ Интернет-ресурсында – www.kff.kz жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде шағым жасалуы мүмкін.

2.  «Тобыл» футбол клубының құрылтайшысы А.Д. Қалдияровтың «Тобыл» ФК қатысуымен өткен матчтардағы төрелікке қатысты және ҚФФ төрешілікте кадрлық реформалар қабылдауы қажеттігі туралы пікіріне қатысты мәселені қарау.

Шешім:

1. «Тобыл» ФК құрылтайшысы Қалдияров Алимжан Даниярұлына ҚФФ Төрешілер корпусының, ҚФФ басшылығының қызметі және жалпы Қазақстан футболының беделін түсіргені үшін 300 АЕК мөлшерінде (1 107 600 теңгені құрайды) айыппұл салып, осы шешім күшіне енген сәттен бастап 1 жыл мерзімге «Тобыл» ФК матчтары өтетін стадиондарға кіруге тыйым салу түріндегі санкция қолданылсын.

2.    Қалдияров Алимжан Даниярұлы осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген айыппұлды 2024 жылғы 17 маусымға дейінгі мерзімде төлуі қажет.

Егер  осы тармақ орындалмаған жағдайда, ТР 61 тармағына сәйкес ҚФФ Заң органы А.Д. Қалдияровқа қатысты футболмен байланысты қызметті жүзеге асыруға тыйым салуға дейінгі басқа да санкцияларды қолдануға құқылы.

Кодекстің 87-тармағы, ТР 113-тармағына сәйкес шешімшге ҚФ Интернет-ресурсында – www.kff.kz жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде шағым жасалуы мүмкін.

Тіркелген файлдар

Бөлісу
Жоғары