Алматыда Walking Football-дан екінші турнир өтті

Walking Football – 50 жастан асқан асқандарға арналған ерекше футбол түрі. Ереже бойынша футболшылар жаяу жүріп ойнайды: жүгіруге және қарсыласын шалып құлатуға тыйым салынған.
Алматыдағы ЦСКА стадионында өткен жарысқа 7 команда қатысты. Финалда «Алтай» мен «Таймас» командалары кездесті. Жеңімпаз пенальти сериясында шешіліп, «Алтай» командасы чемпион атанды. Жүлдегерлер үштігіне «Достар» ұжымы енді.
Жарыс жүлдегерлері:
1 орын – «Алтай»
2 орын – «Таймас»
3 орын – «Достар»
Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар марапатталды:
Үздік қақпашы - Игорь Гавриленко
Үздік қорғаушы - Серік Бердалин
Үздік шабуылшы - Дәрденбай Үнебаев
Үздік ойыншы - Марат Мырзабаев
Үздік сұрмерген - Жұмағазы Қалбенов
Айта кетейік, Walking Football-дан еліміздегі алғашқы турнир Астанда өткен еді.