Жамбыл облысы – 2011 жылы туған жасөспірімдер құрамалары арасында Қазақстан чемпионы
Жамбыл облысының командасы Тараз қаласында өткен жарыстың финалында Ақтөбе облысының ұжымын матчтан кейінгі пенальти сериясында жеңді.
Марапаттау рәсіміне Жамбыл облысының №5 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ердос Әкімов және Жамбыл облысы футбол федерациясының атқарушы директоры Елтай Абдрахманов қатысты, ал жарыстың құрметті қонағы ретінде ұлттық құраманың ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов жасөспірімдерді қолдауға келді.
Турнирге 12 команда қатысты. Жүлдегерлер мен командалардың алған орны төмендегідей:
- Жамбылская область
- Актюбинская область
- Алматинская область
- Павлодарская область
- Костанайская область
- Туркестанская область
- Жетысуская область
- Карагандинская область
- Шымкент
- Астана
- Мангистауская область
- СКО
Турнир қорытындысы бойынша келесі номинациялар анықталды:
Үздік қақпашы – Дәурен Жайырбек (Алматы облысы)
Үздік қорғаушы – Бекзат Байзақов (Жамбыл облысы)
Үздік жартылай қорғаушы – Властислав Чернов (Ақтөбе облысы)
Үздік шабуылшы – Әлібек Мүсілім (Ақтөбе облысы)
Үздік сұрмерген – Имран Мержоев, 8 гол (Павлодар облысы)
Турнирдің үздік ойыншысы – Айдар Нұркелді (Жамбыл облысы)