Қазақстанда алғаш рет УЕФА 2024/25 Аймақтар кубогының матчтары өтеді
25 маусым 2024, 11:00
Естеріңізге сала кетейік, екі жыл сайын өткізілетін әуесқой командалар арасындағы УЕФА Аймақтары Кубогы аралық және финалдық кезеңдерден тұрады. Рейтингтің арқасында Қазақстан аралық кезеңге тікелей шығатын 30 елдің қатарына кіреді. Қалған 6 команда алдын-ала кезеңінде екі жолдамаға таласады.
Қазақстанның атынан 2023 жылғы әуесқойлары арасындағы ел чемпионы – Павлодар облысының "Ақбет" командасы өнер көрсетеді. Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі 2023 жылдың 9-15 қазан аралығында Павлодар қаласында өтті. Онда аймақтық кезеңінің 10 жеңімпаз командасы қатысты.
УЕФА Аймақтар кубогы матчтары 2024 жылдың 19-25 тамыз аралығында Талғар қаласында өтеді.
Жаңалықтар
24 мау., 19:21
24 мау., 19:00