Пауло Рикардо Кака: «Жеңіске жету тапсырмасы орындалды»

Пауло Рикардо Кака: «Жеңіске жету тапсырмасы орындалды»

18 қыркүйек 2024, 19:11
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Ливиямен (4:1) өткен ойынды қорытындылап, көзге түскен ойыншыларға да бағасын берді.

– Бүгінгі ойыннан біз жеңіс күттік. Көп гол күткендер де болды. Ойын жүрсе, гол да келеді. Бірақ осы жолы кейбір сәттерде гол қақпаға енбей қойды. Біз көп гол соғатын команда емеспіз. Бүгін екі шабуылшымыз алаңға шықпады – Дәурен Тұрсағұлов және Азат Валиуллин. Жеңіске жету тапсырмасы орындалды. Бұл ойынды ұмытып, келесі кездесуге көшеміз. 

Біржан Оразов ойында аздап жарақат алып қалды. Жарақатының қаншалықты ауыр екенін медициналық штабтың жұмыстарынан кейін білетін боламыз. 

Ақжол Дәрібай бүгін өз деңгейінен төмен ойнады, ал осыған дейін Испанияға қарсы жақсы ойнаған болатын. Әлем чемпионатында алғаш рет ойнап жатқан ойыншы үшін қалыпты жағдай деп ойлаймын. 

Жахангир Рашит гол соғып қоймай, өз жұмысын толық орындады. Алайда, бүгін шабуылда көп ойнадық, сол себепті Рашитке көп жұмыс болмады. Ол қорғаныста көп көмектеседі. Біз оның ойын сапасын арттыру үшін жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. Әмбебап ойыншыға айналуы қажет.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары