Футзалдан Қазақстан құрамасы Португалияны жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы Португалияны жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты

26 қыркүйек 2024, 21:56
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 1/8 финалда әлем чемпиондарын жеңді.

Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі матч «Әндіжан» кешенінде өтті. Бұған дейін ұлттық құрама бұл спорт кешенінде топтық кезеңдегі Испания (1:1) және Ливияға (4:1) қарсы матчтарды өткізген еді. 

Ойындағы есепті Шыңғыс Есенаманов ашты. Бірінші тайм Қазақстан құрамасының пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.

Екінші таймда Португалия ойыншысы Зики Те таразы басын теңестіріп кетті. Дегенмен матч аяқталауына 14 секунд қалғанда Дәурен Тұрсағұлов бұрыштамадан кейін гол соғып, Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады.

Осылайша Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпиондарын жеңіп, әлем біріншілігінің ширек финалына жолдама алды. 

Португалия – Қазақстан – 1:2 (0:1)

Голдар: Зики 21 – Есенаманов 11, Тұрсағұлов 40

Ескерту: Андре 19 – Тұрсағұлов 13

Португалия: Эду, Матуш (к), Эрик, Коэлью, Пани – Корреа, Андре, Паку, Сесилиу, Зики, Афонсу, Роча, Бриту, Кутчи.

Бас бапкер: Жорже Браз.

Қазақстан: Игита (к), Есенаманов, Дуглас, Дәрібай, Тұрсағұлов – Серіков, Кнауб, Төреғазин, Оразов, Абдуманапұлы, Валиуллин, Ақбалықов, Рашит.

Бас бапкер: Пауло Рикардо Кака.

Төреші: Лаутаро Ромеро.

26.09.2024. Әндіжан әмбебап спорт кешені, Әндіжан. 2 825 көрермен.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары