Пауло Рикардо Кака: «Португалиямен өтетін ойынға дайындық жоспар бойынша өтіп жатыр»

Пауло Рикардо Кака: «Португалиямен өтетін ойынға дайындық жоспар бойынша өтіп жатыр»

24 қыркүйек 2024, 22:45
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака 2024 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалиямен өтетін ойын алдында пікір қалдырды.

– Бүгін ойын өтетін Әндіжан аренасында бірінші және соңғы рет жаттығу өткіземіз. Бізге жақын таныс арена. Бұл алаңда жаттығу ешқашан артық болмайды. Өте жинақы және пайдалы жаттығу жасағымыз келеді. 

Португалиямен өтетін ойынға дайындық жоспар бойынша өтіп жатыр. Видео қаралымдар мен ойындарды талдау, психологиялық дайындық. Матчқа дейін барлық дайындықты жасауға тырысамыз. 

Есе қайтару сезімі туралы айтатын болсақ, бұл біреуге көмектесер, ал екіншісіне көмектесуі мүмкін. Әлем чемпионатының 1/8 финалында ойнаймыз. Өткен додада қарсыласпен кездескенбіз. Тартысқа толы ойын болды. Өте ұйымшыл қарсылас, ойынға дұрыс тактика қою үшін барымызды саламыз. Өйткені, біз ең жоғары нәтижені қалаймыз. 

Менің матчқа қатыса алмайтын ойыншылар туралы ешқашан шағымданбағанымды байқаған боларсыздар. Лео туралы ойлап жатқан жоқпыз. Ескерту алған, жарақат алған ойыншылар қайта оралды. Соларға сенім артамыз.

Соңғы ойын Ташкентте өткен. Өте жылы атмосфера болды. Енді Әндіжанға оралдық, үйге оралғандай болдық. Біздің ойынға дейінгі басымдығымыз – жанкүйерлердің қолдауы. Жанкүйерлер қолдауына сенім мол, осы жолы өте көп жанкүйер жиналады деген сенімдемін. Залдың лық толы болғаны біз үшін де, футзал үшін де керемет болар еді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары