Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны ірі есеппен ұтып, Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
Ташкентте «Хумо Арена» спорт кешенінде өткен ойында Пауло Рикардо Кака шәкірттері 10:0 есебімен жеңіске жетті.
Кездесуде ұлттық құраманың қорғаушысы Арнольд Кнауб пента-трик авторы атанып, ФИФА нұсқасы бойынша матчтың үздік ойыншысы деп танылды. Қарсыластың қақпасына Лео Жарагуа екі гол соқса, Ринат Төреғазин мен Ақжол Дәрібай бір-бірден көзге түсті.
Матчтың 38-минутында Лео алаңнан қуылып, кездесу соңына дейін Қазақстан құрамасы бір ойыншыға кем ойнады.
Қорытынды есеп – 10:0. Қазақстан құрамасы «D» тобында екінші орын алып, турнирдің 1/8 финалына шықты. Бұл кезеңде біздің жігіттер «E» тобының жеңімпазымен кездеседі. Бірінші орын үшін Португалия мен Марокко құрамалары таласады.
Қазақстан құрамасы 1/8 финалының ойынын 26 қыркүйек күні Әндіжан қаласында өткізеді. Ойынның басталу уақыты – 20:00.
Қазақстан – Жаңа Зеландия – 10:0 (4:0)
Голдар: Төреғазин 8, Дәрібай 11, Кнауб 14, 15, 20, 22, 36, Вишневски 30 (автогол), Лео 20, 29
Ескертулер: Есенаманов 12, Луизиньо 24, Ақбалықов 38
Алаңнан қуылған ойыншы: Лео 38
Қазақстан: Игита (к), Кнауб, Лео, Дуглас, Рашит – Серіков, Есенаманов, Оразов, Төреғазин, Дәрібай, Абдуманапұлы, Валиуллин, Ақбалықов.
Бас бапкер: Пауло Рикардо Кака.
Жаңа Зеландия: Антаманов – Вишневски, Али, Маникум (к), Дитфорт – Стиль, Маливук, Мартин, Эшби-Пекхам, Твиг, Поулсен, Грей, Хокинс, Шарплин.
Бас бапкер: Марвин Иканс.
21.09.2024. «Хумо Арена», Ташкент, 3 828 жанкүйер.