«ALAÑ» жобасы қарқын алып келеді

«ALAÑ» жобасы қарқын алып келеді

21 қыркүйек 2024, 09:53
Қазақстан футбол федерациясы «ALAŇ» жобасының жүзеге асырылуын жалғастырады. Аталмыш жоба 2023 жылы басталып, еліміздегі футбол алаңдарын жаңартуды және бұқаралық спортты дамытуды көздейді.

Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаның басты серіктесі - 1XBET компаниясы.

Бағдарлама аясында жалпы республика бойынша 20 алаң жаңартылады. Осыған дейін 2023 жылы Ақтөбе, Алматы, Шымкент қалалары мен Жетісу облысындағы алаңдар қолданысқа берілген болатын. Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Андрей Дудин айтқандай, жоба тек футболды барлығына қолжетім етіп қана қоймай, қауіпсіздікке де назар аударады.

«Біздің міндетіміз – футбол алаңың бірінші кезекте қауіпсіз болатындай стандарт түзу. Біз қауіпсіздікті жер мен жаттығу процесінде жасауымыз қажет. Жас футболшыны дайындау 8-10 жылдай уақытты қажет етсе, біз 8 жылдан кейін жеткіншектің кәсіби түрде дайын болуына мән беруіміз тиіс», - деп ҚФФ бас хатшысы Андрей Дудин «ДНК Футбола» атты YouTube арнасында пікірін білдірді.

Осы орайда 26 тамыз күні Петропавлдағы «Динамо» стадионында жаңа алаңның тұсаукесері өтті. Жыл соңына дейін тағы Аягөз, Өскемен, Ақсу, Атбасар, Қызылорда, Балқаш, Жезқазған және Саран қалаларында жасыл алаң қолданысқа берілуі тиіс. Айта кетейік, жобада басты назарды материалдың сапасына назар аударады.

«Төсеніштің сапасы өте маңызды. Біз конкурс өткізіп, өндірушіден тікелей сатып аламыз. Атақты еуропалық брендтер де қатысады. Біздің жобадағыдай сапасы жоғары алаң Қазақстанда жоқ деп, сеніммен айта аламын. Бірде-бір кәсіби футбол клубында жақсы төсеніш жоқ», - деді «ALAŇ» жобасының жетекшісі Сергей Попов «ДНК Футбола» атты YouTube-тың арнасында берген сұхбатында.

Жоба жайлы толығырақ «ДНК Футбола» атты YouTube арнасынан көре аласыздар.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары