Қазақстан U-21 құрамасының Испания және Шотландияға қарсы құрамы

Қазан айында жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің қорытынды матчтарын өткізеді. Алдымен сырт алаңда Испаниямен кездессе, артынша Алматыда Шотландия құрамасын қабылдайды.
Команданың оқу-жаттығу жиыны 5 қазанда Алматыда басталады. Тізімге 27 футболшы енді.
Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Жетісу»), Темірлан Анарбеков («Жеңіс»), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания);
Қорғаушылар: Александр Широбоков («Славия-Мозырь», Беларусь), Сұлтан Аскаров, Дамир Қасабулат, Лев Кургин (бәрі – «Қайрат»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік»), Егор Ткаченко, Мейрамбек Қалмырза (екеуі де – «Жетісу»), Микаель Аскаров («Сморгонь», Беларусь), Асылбек Асан, Жандос Өмірзақов (екеуі де –«Тараз»),
Жартылай қорғаушылар: Ринат Серікқұл («Жетісай»), Ерсұлтан Қалдыбеков («Атырау»), Ален Айманов («Каспий»), Олжас Байбек («Қайрат Жастар»), Абылайхан Назымханов («Шахтер»), Александр Мрынский («Қайрат»);
Шабуылшылар: Айбар Абдулла («Шахтер»), Иван Свиридов («Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Акритас», Кипр),Ян Труфанов («Жеңіс»), Данил Анкудинов («Менсахеро», Испания), Артем Литош («Түркістан»), Супьян Масудов («Алтай»), Мұхаммед Еңсебаев («Вальядолид», Испания);
Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының матчтар күнтізбесі:
10 қазан:
Испания U-21 – Қазақстан U-21
15 қазан:
Қазақстан U-21 – Шотландия U-21