Юлия Мясникова: «Әйелдер командасының көбеюі – ұлттық құрамаға пайдасын тигізеді»

Юлия Мясникова: «Әйелдер командасының көбеюі – ұлттық құрамаға пайдасын тигізеді»

07 қазан 2024, 16:22
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Юлия Мясникова ҚФФ-ның ерлер футбол клубтарына әйелдер командасын құру туралы шешіміне қатысты пікірін айтты.

– Ерлер командалары қанатының астына әйелдер командасын алатын сәтке де келіп жеттік. Бұл әйелдер футболы үшін үлкен көмек. 2019 жылдан бері дамудың жаңа кезеңіне шықтық: әр жастағы қыздар командалары ашылып, жасөспірімдер қыздарға арналған футбол фестивальдері өтті. Енді міне, қыздар бойжеткен шақта жоғары лигада ойнауға тамаша мүмкіндік пайда болды. Әрине, басында жоғары орындар үшін күресу қиын болатыны анық. Бірақ тәжірибесі толысқаннан кейін бәсекелестікке төтеп беретін болады. 

Бұған қоса, бұл ұлттық құрамаға да пайдасын тигізеді. Енді жаттықтырушылар штабы үшін көбірек таңдау болып, іріктеу сапалы өтеді. Қазақстан футбол федерациясына қыздар футболын дамытып, қолдау көрсетіп жатқанына алғысымды білдіремін! Бізге тек еңбектеніп, әйелдер футболының маңызын арттыруымыз қажет. Ерлер футболынан ерекшелігі бар екені анық. Десе де ерлер командасы да әйелдер футболын ұнатып, біз секілді қыздарымызға қолдау көрсетеді деп сенемін.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары