Станислав Черчесов: «Оңай болмаса да Норвегияны тоқтатудың жолын іздейміз»
– Буын ауысып, жаңа ойыншылар қосылып жатқаны түсінікті. Өткен баспасөз мәслихатында айтқанымдай, оларды құрамға мұқият қосу керек. Жұмаханов алаңға шықты. «Әр нәрсенің өз пайдасы бар» дегендей, оның өз көмегін тигізетініне күмәнім жоқ.
Кенжебек Самордовтың орнына шықты. Бұл шешіммен оған көңілім толмады деген сөз емес. 0:2 есебімен ұтылып жатқандықтан, алдағы ойын туралы ойладым. Өйткені команданы бәсекеге қабілетті етіп қалдыру керек. Сондықтан Самородовты ауыстырдым. Жас жігіт шығып, өзіне артылған тапсырманы орындап шықты. Оған назар аудару керек бірнеше маңызды тұстарды көрсеттік.
Бүгін жаттығу, ойын ертең. Егер тәжірибем аз болса, біраз нәрсе айтатын едім. Жаттығу өткенімен, ойында сөзім іс жүзінде жүзеге аспай қалуы мүмкін. Сондықтан жаттығу процесін күтейік.
Тағы да айтам, біз қиын матч өткіздік. Қызық факт айтайын, он ойыншымен толық құраммен салыстырғанда көп жүгірдік. Бұл біздің физикалық дайындық тұрғысынан ең жақсы ойынымыз болды. Мен команданы екінші таймдағы ойыны мен ерік-жігері үшін матч соңында алғыс айттым. Әр матчта осындай ойын көрсету керек. Аз-аздан алға қарай жылжып жатырмыз.
Қарсыластарымыз оңай емес, оны ойыншылар да сезіп жүр. Бірде бір бапкер жеңілгісі келмейді. Кейде ойыншылармен бірге сәтсіз кезеңді өткізу керек. Сондықтан қазір олар мүмкін емес нәрсені сұрауға болмайды. Объективті болу керек.
Әр команданың өз мақсаты бар. Біздің міндетіміз — команданың ойынын қайта құру. Ертеңгі қарсыласымыз мықты. Мұндай матчта ойыншылар өзін тексерсе, бапкерлер қандай жаңа тактика қажет екенін көреді. Норвегиямен жеңісімен құттықтаймын. Маусымды сәтсіз бастаса да, бірінші орын үшін күресіп жатыр.
Бұл біздің Норвегиямен алғашқы кездесуіміз емес. Оларға қарсылық таныта білдік. Холлан туралы сұрап жатсыздар, біз оның күшін білеміз. Бірақ біз құрамында Холлан секілді алып ойыншысы бар Норвегиямен ойнаймыз. Сондықтан Норвегияға қарсы дайындылап, оңай болмаса да оны тоқтатудың жолын іздейміз.