Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады

Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады

27 қараша 2024, 15:21
Футзалдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ұлттық құраманың бас бапкері Пауло Рикардо Кака жетекшілігімен Түркістанда оқу-жаттығу жиынын бастады.

Команданың жаттығулары 5 желтоқсанға дейін жалғасады. ОЖЖ аясында команда футзалдан «Ордабасы» клубына қарсы жолдастық матч өткізеді. Ойын 4 желтоқсан күні Шымкентте өтеді.

Бұл ОЖЖ-ның басты мақсаты – 2025 жылдың наурызында басталатын футзалдан U-19 Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарына дайындалу және ұлттық құрамаға жас ойыншыларды іріктеу.

Бөлісу
Жоғары