Александр Кеплин Еуропа Лигасының «Бешікташ» – «Атлетик» матчының делегаты болып тағайындалды

Александр Кеплин Еуропа Лигасының «Бешікташ» – «Атлетик» матчының делегаты болып тағайындалды

20 қаңтар 2025, 16:58
Қазақстан футбол федерациясының операциялық директоры Александр Кеплин УЕФА Еуропа Лигасының «Бешікташ» пен «Атлетик» арасындағы матчына делегат болып тағайындалды.

Ойын 22 қаңтар күні сағат 20:30-да Түркияның Стамбұл қаласындағы «Бешікташ Парк» стадионында өтеді.

Александр Кеплин – Қазақстан футбол федерациясының операциялық директоры. Ол 2018 жылдың наурыз айынан бастап УЕФА матчтарының делегаты болып келеді.

Бұл ойынды Аустриядан келген төрешілер басқарады. Бас төреші – Юлиан Вайбергер, ал оған Андреас Хайденрайх пен Максимилиан Колбитш көмектеседі.

Айта кету керек, УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.

Бөлісу
Жоғары