Қазақстан құрамасы өз алаңында Албанияны жеңді

Қазақстан құрамасы өз алаңында Албанияны жеңді

07 наурыз 2025, 20:01
Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеуіндегі өз алаңындағы соңғы матчта Албанияны 4:2 есебімен ұтты.

Кездесу Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өтті.

Алғашқы таймда Қазақстан құрамасы үш гол соқты. Дамир Қайырбай есеп ашып, артынша Лео дубль авторы атанды. Екінші таймда Шыңғыс Есенаманов тағы бір гол соқты. Қонақтар сапынан Арбер Шкодра мен Бриланд Тома көзге түсті.

Бұл жеңістен кейін Қазақстан құрамасы Еуро-2026 жолдамасына бір қадам жақындай түсті. Шешуші матч 12 наурызда Ереванда Арменияға қарсы өтеді.

Қазақстан – Албания – 4:2 (3:0)

Голдар: Қайырбай 6, Лео 6, 16, Есенаманов 25 – Шкодра 23, Тома 38

Ескертулер: Лео 34, Рашит 38

Қазақстан : Серіков (қ), Лео, Тұрсағұлов, Оразов, Қайырбай – Атантаев (қ), Кнауб, Дерябин, Дәрібай, Валиуллин, Есенаманов (к), Рашит, Карменов, Көлбаев;

Бас бапкер: Пауло Рикардо Кака.

Албания: Мисини (қ), Лимани, Шкодра, Сельманай, Халими (к) – Мьеку (қ), Йонузи, Пиштани, Тома, Шк.Брахими, А.Брахими, Каца, Крюэзиу;

Бас бапкер: Эринд Ресули.

Төрешілер: Богдан Гончарюк, Влад Чобану, Ливиу Кица (бәрі – Румыния)

07.03.2025. Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешені, Астана. 2073 көрермен.

 

Бөлісу
Жоғары