Кездесулер тарихы. Қазақстан W құрамасы Армениямен неше мәрте кездескен

Кездесулер тарихы. Қазақстан W құрамасы Армениямен неше мәрте кездескен

08 сәуір 2025, 10:56
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымында «С» лигасының 3-тобында сынға түсіп жатыр. Бұл топтағы қарсыластар – Люксембург, Лихтенштейн және Армения құрамалары.

Армения әйелдер құрамасымен Қазақстан 8 мәрте кездесті. Оның 5-еуі – ресми іріктеу кезеңіндегі ойындар, 2 матч – жолдастық кездесулер, тағы біреуі – UEFA FWT турнирі аясында өткен.

Екі құрама алғаш рет 2009 жылдың мамыр айында жолығып, Қазақстан 2:0 есебімен жеңіске жетті. Сол ойындағы голдарды Қырғызбаева мен Кәрібаева соқты.

2021 жылы маусымда Қазақстан құрамасы Арменияда екі жолдастық матч өткізді. Алғашқы ойында қарсылас 2:1 есебімен басым түссе, екінші кездесуде біздің қыздар 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

2023 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстан Арменияны екі матчта да тізе бүктірді. Сырт алаңда – 2:1, Астанада – 4:1 есебі тіркелді.

2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде де қос құрама бір топқа түсті. Бұл жолы Қазақстан мен Армения бір-бірін бір мәртеден ұтып, тең түсті.

Ал биылғы Ұлттар лигасындағы алғашқы кездесуде Қазақстан сырт алаңда Арменияға 0:2 есебімен жол берді.

Жалпы есеп бойынша, 8 кездесудің 5-еуінде Қазақстан жеңіске жетсе, Армения 2 рет басым түсті. Бір матч тең нәтижемен аяқталған.

Бүгін Қазақстан мен Армения әйелдер құрамаларының жолы тоғызыншы мәрте тоғыспақ. Ойын 18:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары