17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Минскте өтетін УЕФА халықаралық турниріне қатысады

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Минскте өтетін УЕФА халықаралық турниріне қатысады

09 сәуір 2025, 15:36
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Минскте (Беларусь) қаласында өтетін УЕФА Даму турнирінде бақ сынайды.

Қазақстан U17 құрамасы Талғар қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, артынша УЕФА Даму турнирі өтетін Минск қаласына аттанады. Біздің команда  Қытай, Ресей және Беларусь командаларымен ойнайды. Жарыс 13-18 сәуір күндері өтеді деп жоспарланған.

Аға жаттықтырушы Бауыржан Сағындық Талғарда өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады:

Қақпашылар: Никита Килджиев («Шахтер»), Әлихан Шайзада («Астана»), Богдан Воднев («Қайрат»);

Қорғаушылар: Нұрислам Әлихан («Ордабасы»), Андрей Беляев («Астана»), Әлихан Рамазанов, Мәди Мұқашев, Мансұр Авасханов (бәрі – «Қайрат»), Акбар Сәденов («Ақтөбе»),  Данил Золкин («Шахтер»),  Ерасыл Сәрсенбай («Джейран»), Егор Иманаков («Ертіс»), 

Жартылай қорғаушылар: Арда Ақжан («Ордабасы»), Ернұр Сайлауов («Ертіс»), Ислам Рақым, Дамир Юсупбеков (екеуі де – «Қайрат»), Расул Акимов («Шахтер»), Алан Луканин («Жас Қыран»), 

Шабуылшылар: Мағзум Жоламан («Каспий»), Александр Яковлев («Шахтер»), Амандық Хамидуллин («Астана»), Мадияр Есен («Ертіс»),  Әділбек Турдах, Абдуллах Бегалы, Абылай Жылқайдар (екеуі де – «Қайрат»), 

Бапкерлер штабы:  Бауыржан Сағындық – аға бапкер, Асхат Құсайынов – аға бапкердің көмекшісі, Әсет Айтмағанбетов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Валишер Рашид – қақпашылар бапкері, Станислав Ведлер – массажист, Әнуар Жандарбеков – менеджер.

Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қатысуымен өтетін матчтар күнтізбесі:

13.04.2025 | 16:00

Беларусь – Қазақстан

АБФФ Футбол алаңдары кешені

 

15.04.2025| 13:00

Қытай – Қазақстан 

АБФФ Футбол алаңдары кешені

 

18.04.2025| 13:00

Қазақстан – Ресей 

АБФФ Футбол алаңдары кешені

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары