Стюарт Холл Арсен Венгермен кездесті

Стюарт Холл Арсен Венгермен кездесті

11 сәуір 2025, 13:22
Қазақстан U-16 құрамасы Ұлттық академиясының FIFA техникалық кеңесшісі Стюарт Холл Марокконың Касабланка қаласында өтіп жатқан FIFA High Performance конференциясы аясында ФИФА-ның жаһандық футболды дамыту департаментінің басшысы Арсен Венгермен кездесті.

Кездесу барысында Стюарт Холл FIFA Talent Development Scheme бағдарламасы бойынша ашылған Қазақстан U-16 құрамасы Ұлттық академиясының алғашқы жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын баяндап, жобаның алдағы жоспарларымен бөлісті.

Арсен Венгер жобаның Қазақстандағы даму барысын жоғары бағалап, Ұлттық академия ойыншыларына сәттілік тіледі.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары