Әлем және Қазақстан футболының аңыздары Астанада кездеседі

Әлем және Қазақстан футболының аңыздары Астанада кездеседі

11 сәуір 2025, 10:33
25 сәуір - Қазақстан футболы күніне орай елордадағы «Астана Арена» стадионында «1XLegends - Аңыздар ойыны» өтеді.

Жасыл алаңға әлем және Қазақстан футболының аңыз ойыншылары шығады.

Жанкүйерлер Майкон, Хавьер Дзанетти және Кларенс Зеедорф сынды аты аңызға айналған футболшылардың ойынын тамашалай алады.

Қазақстан аңыздар құрамасы сапында Самат Смақов, Нұрбол Жұмасқалиев, Давид Лория бастаған футбол саңлақтары алаңға шығады.

Футбол мерекесі Орталық Азияда өтетін әлемдік турдың алғашқы ойыны болмақ.

Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлер асыға күтетін кездесудің қолдаушыларының бірі.

Билеттер zakazbiletov.kz сайтында сатылымда.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары