Төрешілік және қадағалау департаменті ойын ережесін түсіндіру жұмысын бастайды
15 сәуір 2025, 20:13

Бұдан былай ойыншылар, бапкерлер мен төрешілер ғана емес, стадиондағы және экран алдындағы көрермендер де кейбір ойын сәттеріне қатысты ресми мәлімдемелермен таныса алады.
Премьер-лиганың 5-турынан бастап Қазақстан футбол федерациясының сайтында әртүрлі тартысты сәттерге байланысты қысқаша түсініктемелер жарияланып отырады. Бұл мәлімлемелер ережелердің мәнін тереңірек ұғынуға көмектеседі.
Әр жағдай УЕФА белгілеген нұсқаулықтарға сай талданады. Бұл құжатпен маусым басында барлық клубтар танысқан. Дегенмен әр турдың барлық эпизоды қаралмайды — тек ең өзекті әрі маңызды сәттер таңдалып, соларға тоқталады.
Бұл бастама – футболдағы ашықтықты арттырып, футбол қауымдастығы тарапынан ережелерге бірдей көзқараспен қарауына мүмкіндік бермек.
Жаңалықтар
15 сәу., 10:00
14 сәу., 11:28
14 сәу., 09:00
11 сәу., 13:22