УЕФА президенті Александер Чеферин ресми іс-сапармен Астанаға келді

УЕФА президенті Александер Чеферин ресми іс-сапармен Астанаға келді

24 сәуір 2025, 23:00
24 сәуірде Астанаға ресми іс-сапармен Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті Александер Чеферин келді.

Сапар барысында Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) кеңсесіне бару жоспарланған. Федерацияның жұмысымен танысып, инфрақұрылым нысандарын аралайды. Сондай-ақ ҚФФ президенті Марат Омаровпен бірқатар маңызды мәселелерді қозғайды.

Айта кетейік, Александер Чеферин мен Марат Омаров ақпан айында Ньондағы УЕФА штаб-пәтерінде жолыққан еді.  Тараптар Қазақстан футболының дамуы жоспарын талқылап, серіктестікті нығайту бағыттарын анықтады.

Александер Чефериннің Қазақстанға іс-сапары қос тараптың өзара жұмысының жоғары деңгейде өтіп жатқаны және УЕФА мен Қазақстан футбол федерациясы ынтымақтастығының нығаюның дәлелі.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары