Арсен Іңкәрбеков: «Қазақстан - ТМД елдері арасында «А» Elite Youth категориясын енгізген үшінші ел»

Арсен Іңкәрбеков: «Қазақстан - ТМД елдері арасында «А» Elite Youth категориясын енгізген үшінші ел»

04 сәуір 2019, 09:53
Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының директоры Арсен Іңкәрбеков жаттықтырушыларға арналған «А» Elite Youth категориясы бойынша білім беру бағдарламасының енгізілгенін айтып берді: 

- «А» Elite Youth категориясы – балалар мен жасөспірімдер футболының бапкерлеріне арналған Еуропадағы ең жоғары лицензия. Қазақстан ТМД елдері арасында үшінші болып жобаны іске қосты. Білім беру УЕФА жаттықтырушылар конвенциясының барлық талаптарына сай болады. Ең алдымен еліміздегі футбол орталықтары мен академиялардың даму бағдарламаларының жетекшілерін оқуыту жоспарға енген. Қазіргі таңда «А» Elite Youth категориясына 20 үміткер бар.

- «А» Elite Youth категориясының бағдарламасы қанша мерзімге арналған?

- Оқу бағдарламасы 8 модульден тұрады. Алғашқы модуль 23-25 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Сонымен қатар, басқа қалаларда да өткізуді ұйғарып отырмыз. Мәселен, Шымкент, Ақтөбе және Қостанай. Қазақстанның әр аймағынан бапкерлерді қамтуға мүмкіндік береді. Тағы бір модульді шетелдің футбол академиясында өткізуді жоспарлап отырмыз. Біздің тыңдаушылар жетекші мамандардың жұмысын тамашалай алады. Футбол орталықтарында балаларды оқытуға арналған білім беру бағдарламасын жаңарттық. «А» Elite Youth категориясының тыңдаушылары «Алға, Qazaqstan! Вперед, футбол!» стратегиясына сәйкес балалар футболының жаңа даму бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосуы тиіс.

- «А» Elite Youth категориясын оқытуға үміткерлерді іріктеп шықтыңыздар. Сол туралы толық айтып өтсеңіз...

- Техникалық орталық қабылдау емтиханының екі кезеңін өткізді. Олардың арасынан үздіктерін таңдап аламыз. Үміткерлерге нақты талаптар бар. Ең алдымен олардың тәжірибесі болуы міндет. Маман клуб жүйесіне тәжірибе мен теорияны қатар алып жүруі тиіс. Осы уақытқа дейін жастарды дамыту бағдарламаларының жетекшілері әкімшілік жұмыстармен ғана айналысты. Техникалық орталықтың міндеті жетекшілердің жас футболшыларды жаттықтырып, бапкерлерге білім беруін қалыптастыру.

- Қазақстан – «А» Elite Youth категориясы енгізген үшінші ел. Бұл бағдарлама қай елдерде бар?

- Латвия және Молдова. УЕФА тарапынан біздің жұмысты арнайы сарапшы қадағалайды. Дариуш Пациек - Польша футбол қауымдастығының білім беру орталығының директоры. Ол жұмыстың барлығына баға беру үшін әр модульге қатысады. УЕФА бұл бағдарламаны біздің жағдаймызға бейімдеді. Сол себепті үміткерлерді «В» және «PRO» категориясы бар бапкерлер арасында да іздейміз. Сертификация ережесіне футбол орталықтарының жетекшілеріне арналған жаңа талаптар жазылды. Бұл талаптар 2020 жылдан бастап қолданылады. Жаңа бағдарламадан енгізу балалар мен жасөспірімдер футболын әрі қарай дамытуға қосымша күш береді деп сенеміз.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары