Жарыстарды тоқтатып, кейінге қалдыру мәселелері бойынша УЕФА конференциясы өтті
Бүгін Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының президенті Александр Чеферин басшылығымен УЕФА-ның бейнеконференциясы өтті.
Форумға УЕФА жетекшілері мен Еуропа ұлттық қауымдастықтарының бас хатшылары қатысты. Олардың арасында Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин да болды.
Конференцияның қорытынды нәтижелері, жұмыс топтарының ұсыныстары және УЕФА Атқарушы комитетінің шешімдері баспасөз хабарламасында жарияланды.
УЕФА БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 01.04.2010 № 019
УЕФА маусым айында өтетін ұлттық құрамалардың ойындарын кейінге қалдырады.
Клубтарды лицензиялау және қаржылық Fair Play жұмыстары COVID-19 дағдарысының салдарын ескере отыра жүргізіледі.
УЕФА-ның барлық 55 ұлттық қауымдастықтарының бас хатшыларының қатысуымен өткен бейнеконференция және 17 наурызда құрылған жұмыс топтарының ұсыныстарынан кейін УЕФА Атқарушы комитеті бірқатар шешім қабылдады:
Жарыстарды өткізу бойынша:
- 2020 жылғы маусым айына жоспарланған ерлер мен әйелдер ұлттық құрама командаларының барлық матчтары одан әрі хабарланғанға дейін кейінге қалдырылды. Олардың қатарына EURO-2020 плей-офф кезеңі мен әйелдер арасындағы EURO-2021 іріктеу матчтары кіреді.
- УЕФА-ның барлық жарыстары, соның ішінде орталықтандырылған халықаралық жолдастық матчтар, кейінге қалдырылды.
- Жасөспірімдердің жарыстары:
- Мамыр айына жоспарланған 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы 2020 жылғы УЕФА Еуропа Чемпионатының финалдық турнирі тоқтатылды;
- Шілде айына жоспарланған 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 2020 жылғы УЕФА Еуропа Чемпионатының финалдық турнирі тоқтатылды;
- Мамыр айына жоспарланған 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 2020 жылғы УЕФА Еуропа Чемпионатының финалдық турнирі кейінге қалдырылды. Нақты мерзімі кейін хабарланады. Өйткені, бұл жарыс әлем чемпионатының (U-17) іріктеу турнирі;
- Шілде айына жоспарланған 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы 2020 жылғы УЕФА Еуропа Чемпионатының финалдық турнирі кейінге қалдырылды. Нақты мерзімі кейін хабарланады. Өйткені, бұл жарыс әлем чемпионатының (U-19) іріктеу турнирі;
- Сәуір айына жоспарланған футзалдан 2020 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының финалы кейінге шегерілді. Жарысты өткізу мерзімі кейін хабарланады.
- 2020/21 жылғы УЕФА клубтық жарыстарына қатысты, атап айтқанда ойыншыларды қабылдау және тіркеу процедураларын жүргізу кейінге қалдырылады. УЕФА жаңа мерзімдерді белгілейді.
Клубтарды лицензиялау және қаржылық Fair Play қатысты:
УЕФА-ның Атқарушы комитеті клубтарды лицензияландыру және қаржылық Fair Play-ге қатысты ұстанымдарын толық сақтайтынын мәлімдеді. Алайда, қазіргі жағдайдың ұлттық қауымдастықтар мен клубтардың жұмысын жеңілдету үшін нақты шараларды талап ететінімен келіседі.
Атқарушы комитет ұлттық қауымдастықтарға клубтарды лицензиялау процесін аяқтауға көп уақыт береді. Келесі маусымнан бастап клубтық жарыстарды қабылдау тәртібі қайта бекітіледі.
Төтенше жағдайларға байланысты Атқарушы комитеті футбол клубтарын лицензиялауға байланысты ережені тоқтату туралы шешім қабылдады. Олар футбол клубтарының дайындығы мен қаржылық мәліметтерінің болашақ бағамы туралы болмақ. Бұл шешімнің тек 2020/21 жылғы клубтық жарыстарға қатысы бар.