Қатарда барлық ұлттық қауымдастықтардың қатысуымен ФИФА-ның кезекті 72-конгресі өтті
Қазақстан футбол федерациясының президенті конгресс аясында өзге елдердің ұлттық қауымдастықтарымен ынтымақтастық жөнінде бірқатар маңызды кездесулер өткізді.
Конгрестің күн тәртібінде 2021 жыл қорытындыланып, осы уақыт аралығындағы қаржы есебі ұсынылды. Сонымен қатар, 2023 жылдың бюжеті бекітіліп, ұйымның жарғысы мен өзге де регламенттеріне өзгерістер енгізілді.
Қатар футбол федерациясы барлық қатысушыларға футбол Әлем чемпионатына дайындық жұмыстарын таныстырды.
Басқосуда маңызды сұрақтардың бірі үш ұлттық федерациясының мүшелігін тоқтату мәселесінің қаралуы болды. Олар – Пәкістан, Зимбабве және Кения. Футболды басқаруда осы елдердің үкіметтерінің саяси араласып, ФИФА жарғысына қарама-қайшы болуына байланысты конгрестің басым дауысымен үш елдің де ФИФА-дағы мүшелігі тоқтатылды.
2023 жылы өтетін ФИФА-ның 73-конгресінде ұйым басшысының сайлауы өтеді. Бұл лауазымға Халықаралық футбол федерациясының қазіргі президенті Джанни Инфантино үміткер болмақ.